Валюта бағамдары:
    usd/kzt 433.3 eur/kzt 464.19

    rub/kzt 6.48 cny/kzt 64.56
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

ШҚО-да көтерме-тарату орталығының құрылысы азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін шешеді

2022 жылғы 26 қаңтар 21:49

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында көтерме-тарату орталығының құрылысы азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін шешеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, өңірде азық-түлік қауіпсіздігі мен инфляция деңгейін тұрақтандыру мәселелері басты назарда. Осы ретте, құрылысы басталған көтерме-тарату орталығының маңызы зор.

«Алтай» көтерме-тарату орталығы 2023 жылы салынып бітеді. Ол шағын және орта бизнес өкілдері үшін делдалсыз саудаға қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

Жалпы, ауыл шаруашылығымен айналысатындарды қолдау агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылуда. Бір жылда Шығыс Қазақстанда 33 млрд теңгеге жуық субсидия бөлінді. Оның ішінде өсімдік шаруашылығын дамытуды субсидиялауға – 5,6 млрд теңге, мал шаруашылығына – 13,6 млрд теңге, қайта өңдеу саласына – 515,5 млн теңге жұмылдырылған», - делінген ақпаратта.

Соның нәтижесінде, «Semey qus» құс фабрикасы 1, 2 және 3 санаттағы тауарлық жұмыртқа өндірісін бастады. Жоспарланған екі ірі май экстракциялық зауыттардың ішінен қуаты 300 мың тонна «QazaqAstyqGroup» ЖШС пайдалануға берілді. Жобаларды іске қосу май-тұқымдарын өңдеу көлемін жылына 600 мың тоннаға, ал толық қуатқа шыққаннан кейін 1 млн тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.


Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар