ШҚО-да көшкін түсіп, жолды жауып қалды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанның таулы ауданына көшкін түсіп, қар жолды жауап қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кеше кешке Глубокое ауданының Өскемен-Северное бағытындағы жолда көшкін түсіп, 4,3 мың текше метр қар жолды жауып қалған.

«Зардап шеккен адам немесе бүлінген техника жоқ. Қарды аршуға 3 техника жұмылдырылды. Көшкіннің түсуіне толассыз қардың соңы жылымыққа айналып, арты бұрқасынға ұласуы себепші болған» - делінген облыстық төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратында.

«Қазселденқорғау» мекемесі қыс ортасында аяздың сынуы таулы аудандарды көшкін қаупін тудырып отырғандығын ескертуде. Әсіресе 9-14 қаңтар аралығында тауға шығу қауіпті болмақ.

Соңғы жаңалықтар