ШҚО-да қос азаматтықпен жүрген 80-нен астам адам анықталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері қос азаматтықпен жүрген 80-нен астам адам анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, көші-қон қызметі басқармасының мамандары қос азаматтық фактілерін анықтау бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде. Биыл өңір аумағында қос азаматтығы бар 80-нен астам адам анықталған.

«Мәселен, 24 жастағы қыз осы жылдың мамыр айында Томск қаласында Ресей Федерациясының азаматтығын алған. Алайда сол уақыттан бері бұл туралы ҚР Ішкі істер органдарына хабардар етпеді. Сондай-ақ ҚР азаматының паспорты мен жеке куәлігін тапсырмаған. Сол үшін ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылған ол 200 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуге міндеттелді», - деді облыстық ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Шетелдіктен ҚР азаматының жеке куәлігі мен паспорты алынды.


Соңғы жаңалықтар