ШҚО-да коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 90% асты

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін алған халық саны 90% асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, бүгінде өңір жұртшылығы арасында COVID-19 инфекциясына қарсы екпенің бірінші компонентін алғандар үлесі – 92,1% пайызды құрап отыр. Ал жалпы халықтың 83,9 пайызы вакцинаның екі компонентін де салдырған.

Вакцинаның екі компонентін алғандар бойынша Үржар, Бесқарағай және Аягөз аудандары алдыңғы қатарда. Бұл аудандарда екпеге қарсы көрсетілімдері жоқ тұрғындар толықтай вакцина алды. Ал ең төменгі орында – Шемонаиха ауданы тұр (66,1%). Сондай-ақ Глубокое ауданында халықтың 73,7 пайызы ғана екпенің екі компонентін алған.

Айта кетейік, соңғы тәулікте Шығыс Қазақстан облысында 83 адам қауіпті дертке шалдықты.


Соңғы жаңалықтар