ШҚО-да коронавирусқа қарсы вакцина алған адам саны 900 мыңнан асты

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында коронавирусқа қарсы вакцина алған адам саны 900 мыңнан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша COVID-19 инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін 907 533 тұрғын алған. Ал екпенің екі компонентін 895 462 адам салдырды.

«Сондай-ақ облыста жасөспірімдерді, жүкті және бала емізетін әйелдерді Pfizer вакцинасымен иммундау жүріп жатыр. Бүгінде 37 782 адам аталған екпенің бірінші дозасын алды. Оның ішінде 34 577 жасөспірім, 708 жүкті және 2497 бала емізетін әйел бар», - деді департамент басшысының орынбасары Ғалымбек Алин.

Ал екінші компонентпен 348 жасөспірім, 7 жүкті және 19 бала емізетін әйел егілген. Жалпы аймақ бойынша жұқпалы дертке қарсы вакцинация 253 екпе пунктінде жүргізіледі.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін пандемия басталғалы бері ШҚО-да 50 мыңға жуық адам вирус жұқтырғаны хабарланған.


Соңғы жаңалықтар