ШҚО-да коронавирусқа қарсы дәрі-дәрмек қоры жеткілікті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында ЖРВИ, тұмау мен КВИ-ге қарсы дәрі-дәрмек қоры жеткілікті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, өңірде ЖРВИ мен тұмауды емдеу үшін вирусқа қарсы Ремантадин, Тамифлу, Анаферон, Осивир, Улкарил, Афлюдол препараттарының жеткілікті қоры бар. Қазіргі уақытта вирусқа қарсы препараттар 8324 пациентті емдеуге жетеді. Сондай-ақ тұрақтандыру қорында 115 мың пациентті емдеу курсына жететін вирусқа қарсы препараттар қоры әзірленген.

«2019 жылдағы эпидемиялық маусымда ЖРВИ мен тұмаудың 12,6 мың жағдайы тіркелді. Өткен жылы бұл көрсеткіш 6,4 мыңды құраған. Демек, болжамға сәйкес бұл ауруларды емдеуге қажетті вирусқа қарсы препараттар 2021 және 2022 жылдардағы 2 эпидмаусымға жеткілікті», - делінген хабарламада.

Короновирус инфекциясын емдеудің клиникалық хаттамасы аясындағы дәрілік препараттар бойынша облыста Надропарин, Клексан, Арикстра, Гепарин, Ривароксабан антикоагулянтты препараттары, вирусқа қарсы Ремдесивир препараты, глюкокортикостероидты және вазопрессорлы препараттар бар.

Медициналық мекемелердегі төсек-орындар толған жағдайда антикоагулянт қоры 24 күнге, глюкокортикостероид 45 күнге жетеді. Реанимациялық бөлімшелерге түскен пациенттерді вазопрессорлық препараттар 23 күнге, инотропты препараттар 40 күнге қамтамасыз етеді.

«Әрбір медициналық ұйымда жыл соңына дейін препараттарды жеткізу кестесі дайындалған. Ауруханалардағы төсек-орындардың бір мезетте толмайтынын ескерсек, дәрі-дәрмектер 30 күндік мерзімге жеткілікті. Қажеттілік туған жағдайда СК-Фармацияның бірыңғай дистрибьютері арқылы жеткізу мерзіміне түзету енгізіп, қосымша препараттарды 10-14 күнде жеткізу қарастырылған. Дәрілерді сатып алу бойынша барлық шығындар жылдық қаржыландыру аясында медициналық ұйымдарға бөлінген» делінген ақпаратта.


Соңғы жаңалықтар