+7 (701) 759 90 19
USD 419.66 EUR 500.44
RUB 5.62 CNY 64.73
Jańalyqtar

ШҚО-да коронавирус жұқтырғандар азайып келеді

2021 жылғы 25 қаңтар 23:09
Бөлісіңіз:
ШҚО-да коронавирус жұқтырғандар азайып келеді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырғандар азайып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-да карантин талаптарын бұзушылар азаймай тұр ШҚО-да шектеу шаралары 20 наурызға дейін ұзартылды Ashyq қосымшасы арқылы тексерілетін ЖСН мәліметтері қайда жіберіледі

Өңірде коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақтануда. Бұл туралы брифинг барысында ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілі Қанат Тұрдиев мәлімдеді.

«Облыс бойынша репродуктивтік санның орташа көрсеткіші -1%-ды құрайды, ал соңғы бір апта ішінде аурудың өсу қарқыны – 0,2%. Бүгінде Шығыс Қазақстан CОVІD-19 бойынша эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес бұрынғыдай «жасыл аймақта« тұр. Пандемия басталғаннан бері облыс аумағында коронавирус инфекциясының 19 835 жағдайы тіркелген», - деді ол.

Қанат Тұрдиевтың айтуынша, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап облыс бойынша 176 мониторингтік топ 544 рейд жүргізген. Нәтижесінде карантин талаптарын бұзған 69 нысан анықталды. Шектеу шараларын сақтамағандарға 2 млн теңгеден астам айыппұл салынған.

«ШҚО Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері міндетін атқарушының 22 қаңтардағы қаулысына сәйкес карантин 7 ақпанға дейін ұзартылды. Сондай-ақ 25 қаңтардан бастап ШҚО мен Павлодар облысының шекарасына екі санитарлық бекет қойылды. Бұған коронавирус инфекциясы өршіп кеткен Павлодардың»қызыл« аймаққа кіруі себеп болды. Егер көршілес Алматы, Қарағанды облыстарында эпидемиологиялық жағдай нашарлай бастаса онда Шығыс Қазақстанның сыртқы шекараларына қосымша санитарлық бекеттер орнатылуы мүмкін», - деп толықтырды ШҚО бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Дана Телятникова Каз
Дана Телятникова Каз
954-059

MURAǴAT