ШҚО-да коронавирус жұқтырған сегізінші науқаспен 48 адам байланыста болған

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында жұқпалы дертке шалдыққан науқаспен байланыста болғандар оқшауланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шығыс Қазақстан облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ілияс Мұхамеджанның айтуынша, 1980 жылғы әйел 12 сәуір күні денсаулық жағдайы нашарлап кеткендіктен үйге жәдел жәрдем шақыртқан.

«ЖРВИ белгілері бар пациент бірден провизорлық стационарға жатқызылды. COVID-19-ға алынған сынама оң нәтиже көрсеткен. Қазіргі уақытта ол инфекциялық стационарға ауыстырылды. Жағдайы орташа. Науқаспен байланыста болған 48 адам анықталған. Барлығы оқшауланды», - дейді ол.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін Өскемен қаласында коронавируске шалдыққан 1979 жылғы әйел көз жұмған болатын.



Соңғы жаңалықтар