ШҚО-да коронавирус стационарларында 414 науқас емделіп жатыр
2022 жылғы 8 ақпан 14:56

ШҚО-да коронавирус стационарларында 414 науқас емделіп жатыр

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында коронавирус науқастарына арналған стационарларда төсек-орын жүктемесі 21,8% құрайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде соңғы тәулік ішінде COVID-19 инфекциясын жұқтырған 103 адам тіркелді.

Оның ішіндегі 93 науқаста симптом бар болса, 10 адам сырқатты симптомсыз өткеруде.

«Бір күнде 41 пациент коронавирустан толықтай сауығып шықты. Қазіргі уақытта облыс бойынша стационар жағдайында 414 науқас ем-дом қабылдап жатыр. Жалпы Шығыс Қазақстандағы стационарларда төсек-орын жүктемесі – 21,8 пайызды құрайды», - делінген ақпаратта.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Қазақстанда өткен тәулікте 2 004 адамның коронавирусқа шалдыққаны хабарланған.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT