ШҚО-да көпбалалы және аз қамтылған отбасынан шыққан 20 мың бала жазғы демалыспен қамтылады

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан 20 мыңға жуық бала жазғы демалыспен қамтылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, облыс бойынша жазғы демалыспен және сауықтырумен 1-10 сыныптардың 92 587 оқушысы, оның ішінде көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан 18 967 бала қамтылмақ.

«Бұл мақсатқа 116,1 млн теңге қарастырылған. Өңір бойынша қала сыртында 19 лагерь бар. Балалардың жазғы демалысының жаңа бағыты – қазақ тілін тереңдетіп үйретуге бағытталған «Қонақжай отбасы» жобасы болып отыр. Бағдарлама 12-14 жас аралығындағы оқушыларға арналған. Олар Катонқарағай ауданындағы Өрел, Катонқарағай, Берел ауылдарында 20 күн тұрады. Жоба аясында тілдік ортаға еніп, туған өлкенің тарихымен, мәдениетімен танысады», - делінген ақпаратта.

Бағдарлама 10-30 маусым аралығына есептелген. Барлығы 64 бала қатысады деп жоспарлануда.

Сонымен қатар мектеп жанындағы лагерлерде 7800 оқушы мәдени нысандарды аралай отырып, Кембридж жүйесі бойынша қазақ, орыс және ағылшын тілдерін оқиды.


Соңғы жаңалықтар