+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

ШҚО-да көпбалалы отбасылар үйді нарықтағы бағадан екі есе арзанға ала алады

2021 жылғы 22 қыркүйек 05:23
Бөлісіңіз:
ШҚО-да көпбалалы отбасылар үйді нарықтағы бағадан екі есе арзанға ала алады

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында көпбалалы отбасылар «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы аясында үйді нарықтағы бағадан екі есе арзанға ала алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
2022 жылы елордада ескі үйлердегі тұрғындардың мәселесі шешіледі Шығыс Қазақстанда жыл сайын 20 мыңнан астам нәресте дүниеге келеді Өскеменде жаяу жүргіншіні қағып кеткен көлік салдарынан трамвайлар тоқтады

Аймақ басшысы Даниал Ахметов қала, аудан әкімдерімен, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшылығымен, «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін банк өкілдерімен кезекті жиын өткізді.

«Көпбалалы, толық емес отбасыларға және мүмкіндігі шектеулі балалары бар жанұяларға үй алу үшін 2,2 млн теңге мөлшерінде көмек көрсетіледі. Бірақ мұндай жеңілдік тек «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы арқылы үй алатын отбасыларға ғана жасалады. 2,2 млн теңге – бұл пәтер құнының 25 пайызын құрайды. Өйткені мұндай тұрғын үйдің шаршы метрінің бағасы - 160 мың теңге. Бұл коммерциялық нарықтағы баспана құнынан екі есе төмен», - деді облыс әкімі.

Оның айтуынша, бүгінде аталған санаттағы 104 отбасы бағдарламаға қатысуға ниет білдірген.

«Талдау көрсеткендей, азаматтардың басым көпшілігі ескі үйлерден пәтер алғысы келеді. Бірақ «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша салынған екіпәтерлі үйлерде барлық жағдай жасалғанын атап өткім келеді. Әр үйдің 6-10 соттыққа дейінгі қосымша жер учаскесі бар», - деді Даниал Ахметов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT