ШҚО-да коменданттық сағат талабын бұзған 15 адам жауапқа тартылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында коменданттық сағат талабын бұзған 15 адам жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған соңғы мәліметтерге сүйенсек, облыс бойынша жағдай тұрақты.

«Қазіргі уақытта өңірдегі жағдай құқық қорғау органдарының бақылауында. Полицейлер күшейтілген режимде өз қызметін жалғастырып жатыр. Төтенше жағдай мен лаңкестікке қарсы операцияны өткізуге байланысты енгізілген шектеулер сақталады», - делінген ақпаратта.

Бүгінде аймақ бойынша ұсталғандар саны 1100-ден асады. Оның ішінде 79-ы қамауға алынған. Коменданттық сағат талабын бұзғаны үшін 15 адам әкімшілік жауапқа тартылды.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Шығыс Қазақстанда жаппай тәртіпсіздік кезінде 70-ке жуық әскери қызметкердің зардап шеккені хабарланған.



Соңғы жаңалықтар