ШҚО-да көліктік-логистикалық хаб құрылады - Д.Ахметов

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында алдағы үш жылда жолдарды салу және жөндеу жұмыстарын жалғастыру ісі тұр. Бұл туралы бүгін идеологиялық актив барысында ҚР Президентінің «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауында белгіленген көліктік-транзиттік жұмыстар мен міндеттердің алдағы көлемін атап өткен аймақ басшысы Даниал Ахметов айтты.

Д.Ахметовтің ақпаратынша, шығыс аймақ автомобиль жолдарының ең ұзақ желісіне ие - оның ұзындығы 12 мың шақырым, соның 25 пайызы қанағаттандырарлысыз жағдайда. Осы көрсеткішті 10 пайызға дейін төмендету үшін 147 млрд. теңгеден кем болмайтын қаражат салу керек. 2015 жылы құрылысқа республикалық бюджеттен 1,5 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен - 306 млн. теңге бағыттау жоспарлануда. Бұдан басқа, жолдардың жөнделуі мен ұсталуына жыл сайын шамамен 5,5 млрд. теңгені бөлу жоспарланып отыр.

«Сапаға деген сұраныс қатаң болады», - деп уәде берді Д.Ахметов.

Ол барлық жергілікті жол-құрылыс компанияларының Астана-Өскемен, Алматы-Өскемен магистральдарын салу бойынша байқауларға қатысу керек екенін атап өтті. Д.Ахметов барлық жергілікті «жол компанияларының» қуаттылығын талдап, нақтылауды, сондай-ақ инерттік материалдардың жаңа карьерлерін анықтап, оларды дамыту базасын құруды тапсырды.

Белгілі болғандай, ШҚО-да көпшілікке таралған пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдаланудың 150-ден астам нысаны мен еркін 200 кен орны бар.

Д.Ахметовтың атап өтуінше, облыс аумағының үлкендігін есепке алғанда әуе тасымалдауларының да маңызды көліктік әлеуеті бар.

«Алдағы бес жылда біз Үлкен Нарын ауылындағы әуежай құрылысын, Өскемен, Семей, Зайсан, Үржардағы әуежайларды қалпына келтіру жұмыстарын аяқтауымыз керек, бүгінде жобалық-сметалық құжаттама және техникалық-экономикалық негіздеме жасалуда. Және интеграциялық іс-қимылдарды дамыту аясында біз елдің ішінде де, іргелес мемлекеттердің қалаларына да жаңа әуе бағдарларын ашатын боламыз», - деп түйіндеді көліктік хабты құру тақырыбын ШҚО әкімі.

Актив барысында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік саясатын іске асыру үшін «Шар-Майқапшағай» темір жолын және Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпірді салу бойынша концессиялық жобалар жасалып жатқаны мәлім болды. Оларды іске асыру жақын жатқан аумақтардағы іскерлік белсенділікті арттырады: жолдардың бойындағы сервистік инфрақұрылым құрылысына дейін пайдалы қазбаларды өндіруден мультипликативті тиімділікті береді. Мамандардың болжамынша, бұл жобаларды іске асыру құрылыс кезінде 6 мыңнан астам жұмыс орнын және пайдалануға берілген кезде тағы 2,5 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар