ШҚО-да көлік жүргізушілері сәнді нөмір алу үшін 185 млн теңге жұмсады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында көлік жүргізушілері сәнді нөмір алу үшін 185 млн теңге жұмсаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ШҚО бойынша филиалы баспасөз қызметінің мәліметінше, өңір тұрғындары «VIP» нөмірлерді жиі сатып ала бастады. Өткен жылы көлік жүргізушілері әдемі нөмірлерге 185 млн теңге жұмсаған.

«Мәселен, 2020 жылы Семейде 207, ал 2021 жылы 298 нөмір сатып алынса, Өскеменде былтыр 175, биыл 411 нөмір алынған. Жалпы соңғы бір жылда аймақ жұртшылығы 709 сәнді нөмірге ақша жұмсады. «VIP» нөмірлерге ең көп шығындалғандар – Алматы қаласының тұрғындары (2,2 млрд теңге). Екінші орында Шымкент – 818 млн теңге, үшінші орында елордалықтар – 667 млн теңге. Жалпы осы көрсеткіште Шығыс Қазақстан республика бойынша 7-ші орында тұр», - делінген ақпаратта.

Әдемі нөмірлерге ең аз сұраныс Солтүстік Қазақстан облысында тіркелген. Аймақ халқы бір жылда 45 млн теңгеге 169 нөмір сатып алған.

Айта кетейік, «VIP» нөмірлердің құны сандар мен әріптердің комбинациясына байланысты 174 591-ден 872 955 теңге аралығында сатылады.

Мемлекеттік нөмір иесі оны үшінші тұлғаға бере алмайды немесе сата алмайды. Ал автокөлік сатылған жағдайда иесі оны жаңа көлік сатып алғанға дейін 6 ай сақтай алады.


Соңғы жаңалықтар