ШҚО-да көлік тізгіндеп келе жатып, қалғып кеткен полицей автобуспен соқтығысты

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында көлік тізгіндеп келе жатып қалғып кеткен полицей автобуспен соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 12 қарашада сағат 12.47-де болған.

«Лексус» маркалы автокөліктің 33 жастағы жүргізушісі Үлбі өзеніндегі көпірден өтіп бара жатты.

«Алдын ала мәлімет бойынша рульде ұйықтап кеткен ол қарсы жолаққа шығып кетіп, автобуспен соқтығысқан. Соның салдарынан автобус жүргізушісі мен 4 жолаушы түрлі дене жарақаттарын алды. «Лексус» көлігінің жүргізушісі – кезекшілікті аяқтап, демалыста жүрген полиция қызметкері. Медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша оның ішімдік ішпегені анықталды», - делінген ақпаратта.

Қазіргі уақытта басы жараланып, миы шайқалған полицей қалалық ауруханаға жеткізілген.


Соңғы жаңалықтар