ШҚО-да көлік оқиғасы кезінде темірге қысылып қалған адам құтқарылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар жол-көлік апаты салдарынан көлігінде қысылып қалған ер адамды құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

3 мамырда сағат 20:34-те Шығыс Қазақстан облысы Аблакетка ауданында жол-көлік оқиғасы болды. «Мерседес» және «Фольксваген» автокөліктерінің соқтығысуы кезінде бір жүргізуші қысылып қалды. Оқиға орнына жеткен ШҚО ТЖД Мамандандырылыған жасағының құтқарушылары «Холматро» апаттан құтқару құралының көмегімен «Фольксваген Гольф» маркалы автокөлігінің металл құрылмасын ашып, құтқарылған жүргізушіні жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

ШҚО ТЖД төтенше жағдай кезінде дереу 112-ге хабарласу керегін еске салады.


Соңғы жаңалықтар