ШҚО-да көлік қаққан 40 жастағы жаяу жүргінші көз жұмды
2021 жылғы 21 мамыр 17:51

ШҚО-да көлік қаққан 40 жастағы жаяу жүргінші көз жұмды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданында көлік қағып кеткен жаяу жүргінші сол жерде жан тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «Бородулиха-Жезкент» тасжолында көлік тізгіндеп келе жатқан 30 жастағы жүргізуші жол жиегіндегі жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

«Жол-көлік оқиғасының салдарынан 40 жастағы азамат оқиға орнында мерт болды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды. Бірқатар сот сараптамалары тағайындалған. Соның нәтижелері бойынша процессуалдық шешімі қабылданады», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес (Көлiк құралын басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлiкті пайдалану қағидаларын бұзуы салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соғуы) тергеу жүргізілуде.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

MURAǴAT