ШҚО-да көлік қаққан 11 жастағы бала көз жұмды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында көлік қаққан 11 жастағы бала көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 19 ақпанда сағат 13:14-те мектептен автобуспен қайтып бара жатқан оқушы аялдамадан түскен. Кенет жол жиегінде тұрған баланы қарсы бағытта келе жатқан Audi маркалы автокөлік қағып кетті.

«Жүргізуші бірден жедел жәрдем дәрігерлерін шақырған. Алайда 11 жасар бала оқиға орнында мерт болды. Қазіргі уақытта ер адам уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», - делінген ақпаратта.

Оған қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 3-бөлігіне (Абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан жол жүрісі ережесін бұзу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар