+7 (701) 759 90 19
USD 439.01 EUR 474.61
RUB 5.75 CNY 61.91
Jańalyqtar

ШҚО-да көлік апатынан 4 адам қаза тапты

2020 жылғы 17 қаңтар 14:24
Бөлісіңіз:
ШҚО-да көлік апатынан 4 адам қаза тапты

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданында екі көлік соқтығысып, 4 адам көз жұмған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жол-көлік оқиғасы 16 қаңтар күні сағат 16.00-де Көкпекті-Қалбатау тасжолының 20 шақырымында орын алған.

«Тойота Хайландер» және «ВАЗ 21122» маркалы екі автокөлік соқтығысқан. Салдарынан «ВАЗ 21122» көлігінің жүргізушісі мен 3 жолаушысы сол жерде тіл тартпай кетті. Осы көлікте аман қалған 1 адам және «Тойота Хайландер» көлігінің жүргізушісі мен кәмелеттік жасқа толмаған 2 бала ауруханаға жеткізілді» – дейді ШҚО Полиция департаменті басшысының орынбасары Елдос Закимов.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтауда.

Талғатжан Мұхаметбекұлы


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT