ШҚО-да көлік апатынан 4 адам қаза тапты, арасында 7 жасар бала бар

None
None
ӨСКЕМЕН.ҚазАқпарат - Өткен демалыс күндері Шығыс Қазақстанда үш көлік апаты болды - соның салдарынан төрт адам қаза тапты, арасында 7 жасар бала болды.

«Тастескен-Бақты» күре жолының 24-ші шақырымында сенбі күні кешке Honda Accord көлігінің 40 жастағы жүргізушісі бульдозерді тіркеп сүйреген «КамАЗ-5410» көлігіне соғылды. Шетелдік көліктің ішінде отырған 40 жастағы үш адам оқиға орнында ажал құшты. Жүргізушісі мен 35 жастағы әйел тірі қалғанымен, көптеген жарақаттар алып, ауруханаға жеткізілді.

Бір тәуліктен кейін Тарбағатай ауданының Қарасу ауылында «КамАЗ-5320» көлігінің 34 жастағы жүргізушісі көлікпен орнынан қозғалғанда үйінің қасында жүрген жеті жасар баланы басып кетті. Екінші сынып оқушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Сол күні сағат 14:00 шамасында «Шемонаиха-Камышенка» тас жолының 59-шы шақырымында «ВАЗ-2101» көлігінің 59 жастағы жүргізушісінің көлікті басқара алмауы салдарынан көлігі жолдың қарсы жолағына шығып, қарсы келе жатқан «КамАЗ» көлігімен соқтығысты. Жеңіл көлік соққыға шыдап, абырой болғанда, оның жүргізушісі мен 65 жастағы жолаушысы аман қалды.

Соңғы жаңалықтар