Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 369.36 EUR 431.30
RUB 5.45 CNY 53.80
Жаңалықтар

ШҚО-да қолдан жасалған электроқармақпен балық аулаған браконьерлер ұсталды

2017 жылғы 9 қараша 10:20 1556
Бөлісіңіз:
ШҚО-да қолдан жасалған электроқармақпен балық аулаған браконьерлер ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха ауданында қолдан жасалған электроқармақпен балық аулап жүрген браконьерлер ұсталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ШҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2017 жылдың 8 қарашасында Шығыс Қазақстанда облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мен Шемонаиха аудандық ІІБ табиғат қорғау полициясының қызметкерлері бірлесіп, «Браконьер» жедел-профилактикалық шарасын жүргізу барысында Ертіс өзенінің бойындағы Зевакина ауылында заңсыз балық аулап жүргендер ұсталды. Олар Глубокое ауданының тұрғындары болып шықты. Заңсыз балық аулаушылар өздері қолдан жасап алған электроқармақтарымен балық аулаған. Олардан салмағы 23,5 келі болатын әртүрлі балық түрлері тәркіленді», - деп хабарлайды ведомстводан.

Аталған оқиға бойынша іс-материалдары процессуалдық шешім қабылдау үшін Шемонаиха ауданының ІІБ-не жолданып отыр.

 

 


Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
Редактор
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
Мұрағат