+7 (701) 759 90 19
USD 447.67 EUR 491.36
RUB 5.74 CNY 63.07
Jańalyqtar

ШҚО-да көктемгі су тасқынының алдын алуға дайындық жүріп жатыр

2020 жылғы 19 ақпан 22:14
Бөлісіңіз:
ШҚО-да көктемгі су тасқынының алдын алуға дайындық жүріп жатыр

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында осы уақытқа дейін 700 мың текше метр қар шығарылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Күн жылынуына байланысты 6 облыста өзендердегі мұз еріп, су деңгейі көтеріледі Жамбыл облысының су тасқыны кезеңіне дайындығы қандай Қазақстанда автомобиль жолдарының 97 пайызы тасқын суды өткізуге дайын

Бүгін аймақ басшысы Даниал Ахметовтың халық алдында есеп беру кездесуінде Өскемен қаласының тұрғындары қар шығару жұмыстарының баяу жүргізіліп жатқанын айтып шағымданды. Облыс әкімі алдағы уақытта бұл мақсаттағы жұмыстардың күшейетінін жеткізді.

«Өңір бойынша - 700 мың, ал Өскеменде - 125 мың текше метр қар шығарылған. Бұл өткен жылғыдан 2 есеге көп. Әрине, жауапты мекемелер өз жұмысын толық атқаруы керек. Осы орайда тиісті тапсырмалар берілді», - деді ол.

Оның айтуынша, 108 елді мекенде су тасқыны жүру қаупі бар. Бұған себеп – тау өзендеріндегі қар мөлшері орташа жылдық нормадан 20-50% жоғары.

«Тасқынның алдын алу мақсатында қосымша мұз жару жұмыстарына 150 млн теңге бөлінген. Қажет болған жағдайда бұл соманы көбейтеміз. Сондай-ақ ірілі-ұсақты 222 су қоймасы бақылауға алынған. Ыдыс-қап пен инертті материалдар әзірленуде», - деді Даниал Кенжетайұлы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT