ШҚО-да көктайғаққа байланысты бірқатар жол жабылды
2021 жылғы 7 желтоқсан 22:20

ШҚО-да көктайғаққа байланысты бірқатар жол жабылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында бірқатар тасжолда көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ауа райының нашарлауына, нақты айтқанда көктайғақ пен қар аралас жаңбыр жаууына байланысты өңірдегі бірқатар жолда көлік қозғалысы шектелді.

«Бүгін сағат 20.00-ден бастап республикалық маңызы бар «Өскемен-Семей» тасжолының 10-198 шақырамында (Герасимовка ауылы мен Семей қаласының аралығы), «Өскемен-Риддер-РФ шекарасы» тасжолының 15-105 шақырамында (Белоусовка ауылы мен Риддер аралығы), «Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» тасжолының 15-123 шақырамында (Глубокое ауданы мен Шемонаиха ауданының арасы) тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктері, сондай-ақ жолаушы таситын көліктер қозғалысына шектеу енгізілді, - делінген ақпаратта.

Осы ретте департамент мамандары тұрғындарға алыс сапарға шықпауға, жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес береді.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT