+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

ШҚО-да көктайғаққа байланысты 2-ауысымдағы оқушылар онлайн оқиды

2021 жылғы 25 қараша 12:25
Бөлісіңіз:
ШҚО-да көктайғаққа байланысты 2-ауысымдағы оқушылар онлайн оқиды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы кейбір аудандарда көктайғаққа байланысты екінші ауысым сыныптары қашықтан оқиды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Тұман, көктайғақ, бұрқасын: 28 қараша күнгі ауа райы Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Алматы тұрғындарына көктайғаққа байланысты ескерту жасалды

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 25 қарашада ауа райының нашарлауына, нақты айтқанда көктайғаққа байланысты кейбір аудандарда екінші ауысымдағы оқушылар онлайн форматта оқитын болды.

«Бесқарағай ауданында 0-11 сыныптар, Глубокое ауданындағы Прапорщиково және Предгорное ауылдарындағы 0-4 сыныптар мектепке бармайды. Ал таңертең Курчатов қаласындағы 0-4-сыныптар, Бесқарағай ауданындағы 0-11 сыныптар қашықтан білім алды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Естеріңізге сала кетсек, кеше Семейде екінші ауысымдағы 0-9 сыныптар мектепке бармаған болатын.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT