ШҚО-да көктайғақ салдарынан бірінші ауысымдағы оқушылар онлайн оқиды
2022 жылғы 17 қаңтар 08:32

ШҚО-да көктайғақ салдарынан бірінші ауысымдағы оқушылар онлайн оқиды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы бірнеше қала, ауданда көктайғаққа байланысты 1-ауысымдағы оқушылар онлайн оқиды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 17 қаңтарда ауа райының нашарлауына, нақты айтқанда көктайғаққа байланысты кейбір қала, ауданда бірінші ауысымдағы оқушылар онлайн форматта оқитын болды.

«Семей, Курчатов қалаларында және Шемонаиха, Бородулиха аудандарында бірінші ауысымдағы 0-11 сыныптар бүгін қашықтан білім алады», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Шығыс Қазақстан облысында ауа райы қолайсыздығына байланысты бірқатар тасжол жабылғандығы хабарланған.


Jańalyqtar

MURAǴAT