ШҚО-да қоғамдық тамақтану орындары мереке күндері жұмыс істейді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында қоғамдық тамақтану орындары мереке күндері жұмыс істейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін ШҚО Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері міндетін атқарушының жаңа қаулысы жарияланды.

«Азық-түлік сатпайтын сауда объектілері, супермаркеттер, гипермаркеттер, сауда үйлері, ғимарат ішінде және ғимараттан тыс орналасқан азық-түлік сатпайтын базарлар (толтырылуы 30%-дан аспаған жағдайда), меншік нысанына қарамастан жабық спорт объектілері (спорт кешендері, спорт мектептері, спорт клубтары, клуб командаларының жаттығу залдары), жабық құрылыстардағы мұз айдындары, фитнес-орталықтар, СПА орталықтар, моншалар, сауналар, бассейндер, кітапханалар, мұражайлар жексенбіден басқа күндері жұмыс істейді. Сондай-ақ мәдениет объектілері, сұлулық салондары мен шаштараздар (алдын ала жазылу бойынша) аптасына 6 күн ашық болады», - делінген құжатта.

Ғимарат ішінде және ғимараттан тыс орналасқан азық-түлік базарлары жексенбіден басқа күндері сағат 07.00-ден 19.00-ге дейін жұмыс істейді.

Естеріңізге сала кетсек, өңірдегі карантиндік шектеулер 30 желтоқсанға дейін қайта ұзартылған болатын. Шектеу шараларының мерзімі облыс аумағында COVID-19 инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.


Соңғы жаңалықтар