+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

ШҚО-да кешелі бері жолда қалған 194 адам эвакуацияланды

2021 жылғы 2 наурыз 10:42
Бөлісіңіз:
ШҚО-да кешелі бері жолда қалған 194 адам эвакуацияланды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 1-2 наурыз күндері жолда қалған 194 адам, оның ішінде 18 бала эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта өңір бойынша 12 тасжолда көлік қозғалысына тыйым салынған. Оның 4-і республикалық, 8-і облыстық маңызы бар жол.

1-2 наурыз күндері құтқарушылар 194 адамды, оның ішінде 18 баланы эвакуациялады. 20 техника мен жеке құрамнан 50 адам жолда қалғандарға көмек көрсетуде.

«Мәселен, «Бородулиха-Жезкент» тасжолында «Тойота Харриер» көлігі қар құрсауында қалған. Оқиға орнына шұғыл жеткен құтқарушылар арнайы техниканың көмегімен көлікті қардан шығарды», - делінген хабарламада.

Осы ретте, ТЖД тұрғындарға алыс сапарға шықпауға, жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес береді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT