ШҚО-да Кеңес Одағының Батыры Мұқатай Әбеуловтың құрметіне акция ұйымдастырылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығына орай «Ерлігі елге өнеге, ұрпаққа ұран болған ардагерлер» атты Ұлы Отан соғысының батырына арналған акция басталды.

Мұқатай Әбеулов 1941 жылдың 8 тамызында әскерге шақырылып бірден майданға жіберіледі.

Майданда гвардия қару-жарақ көздеушісі болған М.Әбеулов 1944 жылдың 6-қазаны мен 16-шы желтоқсаны аралығында Венгрияны азат ету майданында ерекше көзге түсіп, жаудың 6 танкісі мен 4 бронетранспортерын және өзге де көптеген техникаларын атып түсірді. 1945 жылдың 25 сәуірінде КСРО-ның Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен неміс-басқыншыларымен соғыста басшылық бұйрықтарын үлгілі орындағаны үшін және ерлік танытқаны үшін М.Әбеуловқа қаза тапқан кейін барып, Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Батырдың Отанында өткен акция кезінде «Қозы Көрпеш Баян Сұлу» атындағы мәдениет үйінің көркемөнерпаздар үйірмесі концерт қойды. Аталмыш шараға ауданның жастары белсенділік танытып батыр жерлестеріне арналған өлеңдерді оқыды. Ауылдық клубта осы күні «мәңгілік от» жағылып, майданда қазақ тапқан азаматтарға арналып бір минут үнсіздік жарияланды, деп хабарлайды strategy2050.kz.

Соңғы жаңалықтар