ШҚО-да кене шаққан бала демалыс базасынан ауруханаға жеткізілді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанда Бұқтырма су қоймасының жағасындағы демалыс базасында 9 жастағы баланы кене шаққан, деп хабарлайды ҚаАқпарат тілшісі.

«Әділ» демалыс базасында тынығып жатқан баланың ата-анасы маңайда дәрігер болмаған соң «Алқызыл желкен» балалар лагерінен көмек сұраған. Лагерь дәрігері баланың басынан кенені шығарғанымен, кенеге қарсы екпе егу қажет болған.

«Уақыт жоғалтпау үшін жақын маңдағы ауруханаға сумен төте жету керек еді. Осылайша, құтқарушылар баланы қайықпен жағаға жеткізді. Жағада жедел жәрдем көлігі күтіп тұрған. Олар баланы ауруханаға апарды. Қазір кене шаққан бала толықтай дәрігерлердің бақылауында», - делінген облыстық төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар