ШҚО-да келесі жылыту маусымына дайындық басталып кетті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында келесі жылыту маусымына ерте бастан дайындық жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биылғы күзгі-қысқы жылыту маусымы әдеттегідей өтті. 10 ірі жылу көзі және 558 қазандық мекемелер мен тұрғын үйлерді жылумен қамтамасыз етті. Бұл жайлы ШҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Рамазанов онлайн форматта өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Келесі аптаның соңында Шығыс Қазақстанның барлық қалалары мен аудандарында жылыту маусымы аяқталмақ.

«Алдағы жылыту маусымына дайындық үшін 59 қазандықты, 14 турбоагрегатты және 27 гидроагрегатты жөндеу қажет. Бұл жұмыстар «Өскемен ЖЭО«, «Согра ЖЭО«, «Риддер ЖЭО«, Семейдегі «Теплокоммунэнерго«, «Өскемен Жылу желілері«, Алтай қаласындағы «Шығысэнерго« ұйымдарында жүргізілмек», - деді ол.

Сонымен қатар жылу тапшылығы мәселесі де шешілуде. Өскеменнің сол жағалауындағы тұрғын үй құрылысы жұмыстарының қарқынды жүргізілуіне байланысты және алдағы бес жылға арналған құрылыс жоспарларын ескергенде 2026 жылға қарай жылу энергиясының тапшылығы сағатына 373,6 Гкалды құрауы ықтимал.

«Семейліктер тарапынан түскен көптеген шағымдарға байланысты қаланың жылумен жабдықтау жүйесін зерттеу мақсатында арнайы комиссия құрылды. Сауалнама нәтижелері бойынша «Габбасова», «103-103А», «Центр», «35 квартал» қазандықтарының және шаһардың оң жағалауындағы жылу желілерінің талапқа сай еместігі анықталды. Сондықтан келесі жылыту маусымы басталғанға дейін қазандықтарды қалыпқа келтіру үшін тиісті шаралар атқарылады», - деді Нұрлан Рамазанов.


Соңғы жаңалықтар