ШҚО-да келесі жылы екі мектеп пайдалануға беріледі

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Екі білім нысанының құрылысы келесі жылы аяқталатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Altaynews-ке сілтеме жасап. 

Келесі жылы Өскеменде және Ахмирово ауылында 1000 орындық мектептердің құрылыстары аяқталып, пайдалануға беріледі. Бұл туралы аппараттық жиын кезінде облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Ернар Мәулетханов айтты.

«Бұл екі білім нысанын қолданысқа беру мерзімі - 2019 жылдың шілдесі»,-деп атап өтті басқарма басшысы. 

Соңғы жаңалықтар