ШҚО-да «Қажырлы еңбек – табыс кілті» жобасының жеңімпаздары марапатталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өткен «Қажырлы еңбек – табыс кілті» жобасының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Рухани жаңғыру» қоғамдық даму институтында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған қажырлы еңбектің арқасында жетістікке жеткен тұлғалардың «Қажырлы еңбек – табыс кілті» атты электронды флаерлер әзірлеу жобасының жеңімпаздары марапатталды.

«Аталмыш жобаның мақсаты – халықты еңбекке баулу, адал қызмет етуге ұмтылдыру, рухани құндылықтарды кеңінен дәріптеу. Сондай-ақ бұл арқылы тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде әр салада қажырлы еңбектің арқасында жетістікке жеткен адамдардың тәжірибесін ел арасында насихаттау көзделген. Жобаға білім беру, ғылым, медицина, мәдениет, ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп салалары бойынша ұзақ жыл тер төккен адамдар қатысты», - делінген ШҚО Ақпарат орталығы таратқан мәліметте.

6 сала бойынша қатысушылар өздерінің кәсіби біліктілігі мен өмірбаяны, қызметі және жетістіктіктері туралы ақпараттарды Ruh.kz порталының @ruh_qz Instagram парақшасында #қажырлыеңбек #выдающийсяуспех хештегтерін қолдана отырып посттар жариялаған. Барлығы 654 пост жария етілді.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша байқауға қатысқан үміткерлердің ішінен ауыл шаруашылығы, білім беру және өнеркәсіп салаларынан Қуаныш Сүлейменов (мал шаруашылығы кәсіпкері), Любовь Попова - (өндірістік оқыту шебері), Бабагумар Байбусинов (балқытушы) жеңімпаз атанды.


Соңғы жаңалықтар