ШҚО-да қазақ күресінен әлемдік Гран-при турнирі басталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында қазақ күресінен Ырғызбай Досханұлы атындағы 6-ыншы халықаралық турнир басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат vksport.kz сайтына сілтеме жасап.

Тарбағатай ауданының Ақсуат ауылында басталған дода әлемдік Гран-при деңгейінде өтуде. Оған 22 елдің балуандары жиналды. Олардың арасында Қазақстан, Германия, Бельгия, Чехия, Польша, Қытай, Моңғолия және өзге де мемлекеттердің спортшылары бар. Қатысушылар 80 келіге дейінгі салмақта және «түйе балуан» аталатын абсолютті салмақ санатында сынға түсуде.

Қазақша күрес былтыр Азия ойындарының тізіміне енгізілгеннен кейін әлемнің түрлі елдерінде бұл спорт түріне деген қызығушылық артты. Сондықтан аталмыш турнирге қатысуға ниет білдіргендер саны да көбейген. Жарыс екінші жыл қатарынан әлемдік Гран-при деңгейінде өтуде. Қазақ күресінен бөлек мұнда, сондай-ақ ат спортынан турнирлер өтуде - көкпар, бәйге және аламан бәйгеден.

 

Соңғы жаңалықтар