ШҚО-да қайық аударылып, жас жігіттер суға кетті

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасына екі жігіт батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгін таңертең құтқарушыларға Бұқтырма су қоймасында қайық аударылып, екі азаматтың батып бара жатқаны жайлы хабар түскен. ТЖМ мамандары оқиға орнына келіп жеткенше 22 жастағы жігіттер суға батып кеткен.

«Біреуінің денесін сол маңайда болған куәгерлер алып шықса, екіншісінің мәйітін сүңгуірлер тапты. Қайықпен серуендеуге шыққан ер адамдар жағадан тым алыс кетіп қалған. Кенеттен қайық аударылып түсіп, қайғылы жағдай орын алды. Жыл басынан бері өңірімізде 16 адам суға кетті», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте, құтқарушылар тұрғындарға суда шомылу ережелері мен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.


Соңғы жаңалықтар