ШҚО-да қауіпті жол учаскелеріне LED-экрандар орнатылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жолдағы қауіпті учаскелерге LED-экрандар орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жүргізушілердің жол жүрісі қағидаларын сақтауы және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында қауіпті учаскелерге бес LED-экран орнатылды.

«Онда жүргізушілер елді мекендерден шығар алдында жолдардың жай-күйі мен ауа райы туралы соңғы ақпараттармен таныса алады. LED-экрандар «Өскемен – Алтай», «Омбы – Майқапшағай», «Өскемен – Риддер» тасжолдарына қойылған», - делінген хабарламада.

Өткен айда өңір аумағында 64 жол апаты тіркелген. Соның салдарынан 12 адам көз жұмып, 82 адам түрлі дене жарақаттарын алды.

Осы ретте, ШҚО полицейлері жолдардың жай-күйі туралы ақпаратты тәулік бойы облыстық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының кезекші бөлімінен (77-60-05 байланыс нөмірі арқылы) және «Қазавтожол» ЖШС-дан (телефон нөмірі: 26-28 -08), «Облысшығысжол» ЖШС-дан (телефон нөмірі: 57-42-52) білуге болатындығын ескертеді.


Соңғы жаңалықтар