ШҚО-да қауіпті учаскеде жасанды жолмен қар көшкіні түсірілді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жасанды жолмен қар көшкіні түсірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жиі қар жауып, қатты жел соғуына байланысты «Өскемен-Горная Ульбинка-Северное» тасжолында қар көп жиналып, көшкін жүру қаупі туған.

«Сондықтан «Қазселденқорғау» ШҚ филиалы тасжолдың 2 учаскесінде жасанды жолмен қар көшкінін түсірді. Нәтижесінде, 6700 текше метр қар түсірілген», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.


Соңғы жаңалықтар