ШҚО-да қатты жел жедел жәрдем көлігін аударып жіберді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында қатты желден жедел жәрдем көлігі жол жиегіне құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Шемонаиха аудандық ауруханасының жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады. Науқасқа қарай бара жатқан көлікте жүргізуші мен фельдшер болған.

«Жол-көлік оқиғасы «Өскемен-Шемонаиха-Ресей Федерациясының шекарасы» тасжолының 83-шақырымында тіркелді. Жүргізуші ауа райы жағдайын, нақты айтқанда қатты желді ескермегендіктен рульге ие бола алмай қалды. Соның салдарынан көлік аударылып, жол жиегіне құлап кеткен. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Тәртіп сақшылары жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырды.


Соңғы жаңалықтар