ШҚО-да қатты жел үйлердің шатырын ұшырды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанның Зырян ауданында үдей соққан жел көпқабатты үйлердің шатырын жұлып, бірнеше көлікті зақымдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Зырян қаласында түс мезгілінде қатты жел тұрып, Комаров көшесінің екі көпқабаты үйін шатырсыз қалдырды. Өткен жылы ғана жаңаланған қаңылтыр шатыр ауладағы көліктердің үстіне құлаған. Әлеуметтік желіге оқиға орнынан сурет пен видео салушылардың айтуынша, желдің қатты болғаны соншалық, қаңылтырмен бірге астындағы ағаштар да жұлынып кеткен.

«Желіге тараған ақпараттың бәрін оқиға куәгерлері таратып отыр. Ал төтенше жағдайлар департаментіне әзірге ешкім көмек сұрап хабарласқан жоқ» - дейді департамент қызметкері Анастасия Скляр.

Соңғы жаңалықтар