ШҚО-да қатты жел спортзал ғимаратының шатырын ұшырып әкетті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат –Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданында қатты жел спортзал ғимаратының шатырын ұшырып әкетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жылдамдығы секундына 26 метрге жететін қатты желдің салдарынан Ерназар ауылындағы Сосновская орта мектебіне жанамалай салынған спортзалдың шатыры бұзылды. Мекеменің жалпы ауданы – 291, 3 шаршы метр. Зардап шеккен ешкім жоқ.

Айта кетейік, ТЖД өңірдегі дауылды ескерту туралы алдын ала хабарлаған болатын.

«Әлі де тұрғындарды сақ болуға және үлкен ағаштардың астында тұрмауға және автокөлік қоймауға шақырамыз. Сондай-ақ билбордтардан және басқа да аспалы құрылымдардан, электр желілерінен мүмкіндігінше алыс болу керек. Жазатайым оқиғалар болмас үшін барынша абай болған жөн» , - деп хабарлады ведомство өкілдері.


Соңғы жаңалықтар