ШҚО-да қатты жел мектеп шатырын ұшырып әкетті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында қатты жел мектеп шатырын ұшырып әкетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 16 қаңтарда Жарма ауданы Қапанбұлақ ауылында секундына 32 метр жылдамдықпен соққан жел мектеп шатырын жартылай ұшырып әкеткен. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында жергілікті атқарушы орган өкілдерінен құралған комиссия мүшелері жұмыс істеуде.


«Осы ретте өңір халқын ауа-райының қолайсыздығы мен қатты желге байланысты қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырамыз! Электр қуатының өшірілуіне дайын болыңыздар. Мүмкіндігінше үйде отыруға, елді мекеннен алыстап шықпауға кеңес береміз», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Жарма ауданында қатты жел қазандықтың шатырын ұшырып әкеткенін хабарлаған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар