ШҚО-да қатты жел құс фабрикасының шатырын ұшырып әкетті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында қатты жел құс фабрикасы асханасының шатырын ұшырып әкетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 20 наурыз күні Глубокое ауданында секундына 16 метр жылдамдықпен жел соғып, Предгорное ауылында орналасқан құс фабрикасы асханасының шатырын ұшырып жіберген.

«Ғимараттың жалпы ауданы 680 шаршы метр. Зардап шеккен ешкім жоқ. Оқиға орнында комиссия мүшелері жұмыс істеуде», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Айта кетейік, осыған дейін ТЖД мамандары өңір жұртшылығына дауылды ескерту жасаған болатын.

Қандай да бір қиындыққа тап болған жағдайда «112» нөміріне хабарласу қажет.


Соңғы жаңалықтар