+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

ШҚО-да қатты жел бірнеше ғимараттың шатырын ұшырып әкетті

2020 жылғы 3 маусым 15:40
Бөлісіңіз:
ШҚО-да қатты жел бірнеше ғимараттың шатырын ұшырып әкетті

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында қатты соққан жел бірнеше ғимараттың шатырын жұлып әкетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 2 маусым күні жылдамдығы секундына 16-20 метрге жететін жел соғып, облыстың 3 ауданындағы ғимараттардың шатырын ұшырып әкеткен.

Атап айтсақ, Көкпекті ауданы Тассай ауылындағы М.Әуезов атындағы орта мектептің шатыры бүлінді. Сондай-ақ Абай ауданы Құндыз ауылында орналасқан білім ордасы шатырының біраз бөлігін жел жұлып әкеткен.

«Дауылдың салдарынан әсіресе Жарма ауданындағы нысандарға зақым келген. Мұнда Қапанбұлақ ауылындағы ауданы 1150 шаршы метрге жететін Т.Хасенұлы атындағы орта мектептің шатыры бұзылды. Жарма ауылында әкімдік ғимараты зақымданған. Қатты жел 60 шаршы метрлік шатырды ұшырып әкетті. Бұдан бөлек, ауыл клубының, «ҚТЖ» АҚ әкімшілік ғимаратының және мешіттің шатыры бүлінген» деп хабарлады ведомство өкілдері.

Департамент мәліметінше, зардап шеккен тұрғындар жоқ. Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы орган өкілдерінен құралған комиссия сол жерлерде жұмыс істеуде.

Сонымен қатар Көкпекті, Күршім және Жарма аудандарының бірқатар елді мекендерінде қатты желден электр қуаты өшіп қалған. Осының салдарынан 1288 үй жарықсыз отыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT