ШҚО-да қатты аязға байланысты сабақтар өткізілмейтін болды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - 13 қарашада Шығыс Қазақстан облысының бірқатар елді мекенінде қатты аязға байланысты сабақ болмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД сайтына сілтеме жасап.

Өңірлік білім басқармасының ақпараты бойынша, бүгін Зырян ауданында 34 градус аязға байланысты 1-11 сынып аралығында, Риддер қаласында -24 аязға байланысты 1 ауысымдағы 1-4 сынып аралығында, Аягөз ауданында 31 аязға байланысты 1 ауысымдағы 1-9 сынып аралығында сабақтар болмайды. Сонымен қатар, Көкпекті ауданында  -27 аяз, 1 ауысымдағы 1-11 сынып аралығында және колледждердің 1-2 курстарының студенттері бүгін оқымайды. 

Үржар ауданында -33 аяз, 1-9 сынып аралығындағы сабақтар болмайды.

Еске сала кетсек, еліміздің шығысында қатты аяз болып тұр. Сондықтан кеше де Шемонаиха ауданы, Риддер қаласында сабақтар өткізілмеді.   

Соңғы жаңалықтар