ШҚО-да қатерлі ісік ауруларының алдын алу бойынша онкүндік басталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында қатерлі ісік ауруларының алдын алу бойынша онкүндік басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, обырға қарсы дүниежүзілік күрес күні аясында 1 ақпанда өңірде онкологиялық аурулардың алдын алу бойынша онкүндік басталды.

«Бұндағы мақсаты - онкопатология ауыртпалығын төмендету жөніндегі жаһандық мәселеге қоғамның назарын аударту, медицина қызметкерлерінің онкологиялық ауруларды алдын алу және ерте анықтау мәселесіне қатысты білімін арттыру, халықты скринингтік тексерулерден өтіп тұру қажеттілігі жөнінде ақпараттандыру. ШҚО Көпсалалы онкология және хирургия орталығында аталмыш он күндік ақпараттандыру акциясы ретінде өтеді», - делінген ақпаратта.

Орталықтың әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында дәрігерлермен тікелей эфирлер ұйымдастырылмақ. 10 күн ішінде БАҚ арқылы аймақ жұртшылығына барынша пайдалы, әрі қажетті ақпарат тарату көзделген. Сонымен қатар ақпанның 5-і күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін Көпсалалы онкология және хирургия орталығында қатерлі ісікті ерте анықтауға бағытталған Ашық есік күні өтеді.


Соңғы жаңалықтар