ШҚО-да қатаң режимдегі түрмеде некеге тіркеу рәсімі онлайн өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ОВ-156/15 мекемесінде онлайн-тіркеу өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Сотталушы Р. мен оның сүйіктісі екеуі үшін ауыр жолды бірге өткізуді жөн деп тапқан. Қалыңдық неке қию рәсімін онлайн-режимде өткізу үшін Азаматтық хал актілерін тіркеу (АХАТ) қызметкерімен бірге келді. Күйеу жігіт экранның арғы бетінде болды.

Қалыңдық оның неке қию туралы куәлікке қалай қол қойғанын бақылап отырса, АХАТ қызметкері оларға негізгі сұрақтарды қойды: олар өмірді бірге өткізуге дайын ба, бұл шешім екі жақтың келісімімен қабылданған ба? Күйеу жігіт пен қалыңдық компьютер мониторы арқылы «иә» деп жауап берді.

Жастар бір-біріне жүзік берді, бірақ күйеу жігіт тек бостандыққа шыққан соң тағатын болады. Рәсімге сотталушының әкесі қатысып, жастарды құттықтады және қалыңдыққа гүл сыйлады.

«Жастарға отбасылық бақыт тілейміз және тезірек бір-бірлеріне қосылып, балаларын тәрбиелеулеріне тілектеспіз», - деді ШҚО Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметінің өкілдері.


Соңғы жаңалықтар