ШҚО-да кәсіпорын вакцина алған жұмысшыларына демалыс орнына жолдама беріп жатыр

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы кәсіпорындардың бірі коронавирусқа қарсы вакцина алған жұмысшыларына демалыс орындарына жолдама беріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінгі таңда аймақ бойынша 141 мыңнан астам адам вакцинаның бірінші компонентін алды.

Оның бірі – Алтай ауданындағы Средигорный орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі Алена Сычук.

«Еш ойланбастан вакцина алдым. Мұндай мүмкіндіктің пайда болғанына өте қуаныштымын. Менің ойымша, жұртшылыққа түгелей вакцина егілуі керек. Сонда ғана қауіпсіздік болады. Мектепте жұмыс істегендіктен бізге балалардың денсаулығы басты назарда», - деді ол.

Алтай ауданының мұғалімдері вакцинаны алғашқылардың бірі болып қабылдаған.

Білім бөлімінің кәсіподақ ұйымы педагогтерге Алакөлге 20-дан астам жолдама бөлді.

Сонымен қатар «Қазмырыш» ЖШС компаниясы да вакцина алған жұмысшыларына демалыс орындарына 50 пайыз жеңілдікпен жолдама беруде.

Бұдан бөлек, оларға мәдениет орталығының спортзалында тегін жаттығуға рұқсат етілген.


Соңғы жаңалықтар