ШҚО-да кәсіпкерлер мақсатсыз пайдаланылған жер телімдерін өз еріктерімен қайтаруда

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында кейбір кәсіпкерлер мақсатсыз пайдаланылған жер телімдерін өз еріктерімен мемлекетке қайтарып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінгі таңда өңір Қазақстанда сүт және ет өндіру бойынша алдыңғы қатарда. Шығыс Қазақстанда тек шикізат алынып қана қоймай, ауыл шаруашылығы өнімдері де өңделеді. Осы ретте, мал шаруашылығын дамыту және асыл тұқымды мал басын көбейту үшін жайылымдар мен бордақылау алаңдары керектігі байқалады.

Аймақ басшысы Даниал Ахметов облыстық мәслихаттың жетінші сессиясында пайдаланылмай бос жатқан жерлер егжей-тегжейлі талдау жүргізілген соң тәркіленіп, жайылымды қажет етіп отырған шаруа қожалықтарына берілетіндігін айтты. Ал кейбір кәсіпкерлер мақсатсыз пайдаланылған жер телімдерін өз еріктерімен мемлекетке қайтаруда.

«Майлы дақылдар, рапс, соя және жүгері өндірісін ұлғайтып, өсімдік шаруашылығын одан әрі дамыту үшін егістік алқаптарын әртараптандыру мақсатында көптеген жұмыстар жүргізілуде. Екі май экстракциялау зауыты салынып, қайта өңдеу мәселесі шешіледі. Осылайша, шаруагерлер күнбағысты қайда сатамын деп бас қатырмайтын болады», - деді Даниал Ахметов.


Соңғы жаңалықтар