USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

ШҚО-да кәсіпкерден 30 млн теңге бопсалаған қылмыстық топ мүшесі ұсталды

2021 жылғы 22 қазан 13:01
Бөлісіңіз:
ШҚО-да кәсіпкерден 30 млн теңге бопсалаған қылмыстық топ мүшесі ұсталды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында кәсіпкерден 30 млн теңге бопсалаған қылмыстық топ мүшесі ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылордада мемлекетке 150 млн астам теңгеге залал келтіргендер сотталды Тапаншамен, пышақпен шабуылдаған: Алматы облысында қылмыстық топ ұсталды «Арзанға пәтер сатамын»: Семейде алаяқ тұрғындарды 10 млн теңгеге алдаған

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары ақша бопсалаумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесу мақсатында арнайы операция өткізді.

«Жедел уәкілдерге бұған дейін бірнеше мәрте сотталған Өскемен қаласының 31 жастағы тұрғыны қыркүйек айында шаруа қожалығының иесін қорқытып, 30 млн теңге бопсалағаны туралы ақпарат келіп түсті. Шара барысында күдікті қожалық аумағында ақшаны алып жатқан сәтінде ұсталды. Тінту барысында оның заңсыз әрекеттерін растайтын заттай дәлелдемелер алынды», - деді департамент бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Қазіргі уақытта күдікті сот санкциясымен қамауға алынды. ҚР ҚК-нің 194-бабы 4-бөлігі бойынша тергеу амалдары басталды. Оған 7 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT