+7 (701) 759 90 19
USD 411.54 EUR 458.13
RUB 5.84 CNY 57.64
Jańalyqtar

ШҚО-да кәсіпкер жұмысшыларын ақылы еңбек демалысына жіберіп, азық-түлікпен қамтамасыз етті

2020 жылғы 31 наурыз 17:30
Бөлісіңіз:
ШҚО-да кәсіпкер жұмысшыларын ақылы еңбек демалысына жіберіп, азық-түлікпен қамтамасыз етті

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Дмитриевка ауылындағы «Шығыс» шаруа қожалығының басшысы өз жұмысшыларына бірқатар көмек көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елімізде коронавирустың таралуына тосқауыл қою мақсатында төтенше жағдай енгізілді. Мамандар халыққа үйде отыр деп кеңес беруде. Осы ретте «Шығыс» шаруа қожалығының басшысы Людмила Ступак өз жұмысшыларының әрқайсысын 100 келі ұн, 10 келі қант, 10 литр күнбағыс майымен қамтамасыз етті. Барлығын ТЖ аяқталғанға дейін ақылы еңбек демалысына жіберіп, оларға жеке гигиена заттары мен дезинфекциялау құралдарын алуға 30 000 мың теңгеден берген», - дейді ШҚО Кәсіпкерлер палатасының баспасөз хатшысы Христина Дорошенко.

Оның айтуынша, кәсіпкер әкімдікпен бірлесіп бірнеше мәрте пайдалануға болатын 1000 дана медициналық маска тігіп, ауыл тұрғындарына таратып берген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT