ШҚО-да кәсіп ашқысы келетін жастарға 606 грант берілген

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында кәсіп ашқысы келетін жастарға 606 грант берілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары Досхан Қайырғазиновтың айтуынша, өңірде «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы аясында бірқатар шаралар атқарылған.

«Осы ретте, 29 жасқа дейінгі жастарға ерекше назар аударылды. Оларға техникалық және кәсіптік білім алуға мүмкіндік жасалған. Бүгінде облыс бойынша 4365 адам оқуын жалғастыруда. 1832 адам оқуын тәмәмдап, оның ішінде 1712-і жұмысқа орналастырылды. Бұл диплом алғандардың 93 пайызы», - деді ол.

Досхан Қайырғазиновтың сөзінше, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 362 адам оқытылған. Оның 212-сі NEET санатындағы жастар.

«Өткен жылы жастарға бизнес-идеяларын жүзеге асыруға 354 миллион теңгеге 606 грант берілген. Биыл кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде жастарға және азаматтардың әлеуметтік осал санаттарына кәсіп ашу үшін барлығы 1 138 грант беру жоспарланып отыр. Оның ішінде 581 грант жастарға беріледі», - деді облыстық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары.


Соңғы жаңалықтар